Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің кей өңірлерінде бензин қымбаттауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2022
  • 1103

Доллар тағы қымбаттады. АҚШ валютасының бағамы бірден 10 теңгеге өскен. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, бір   доллардың орташа бағамы - 464,81 теңге.  Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар 454,11 теңгеге тең. Kurs.kz мәліметінше,    Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 464,56 теңге, сатып алу – 469,50 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бір доллар 464,80 теңгеден сат ылып жатсча, оның сатып алу құны – 468,53 теңге. Экономистер бұған себеп ретінде бірнеше факторды атайды.  Өндірістік сектор жалпы ішкі өнімнің елу пайызын қамтымай еркін айналымға шыққан теңгенің нығая қоюы екіталай екенін айтады. Яғни инфляцияны болдырмау үшін экономикалық саясатты өзгертіп, импортқа тәуелділіктен арылуымыз керек. Сонда ғана тұрақтылық орнамақ.

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

Бірінші кезекте өзіміздің ұлттық экономикаға пайда әкелетін кәсіпорындарымызды қалыптастыруымыз керек. Егер де біз бұрынғыдай ішкі сұранысымызды Ресейден немесе басқа да көрші мемлекеттерден келетін тауармен қамтамасыз ету саясатын қалдыра беретін болсақ, онда теңгеге шаққандағы доллардың бағасы 550-60-қа дейін көтерілуі мүмкін. Өйткені теңгені тұрақтандыратындай ешқандай факторлар жоқ.

Еліміздің кей өңірлерінде бензин  қымбаттауы мүмкін.  Бағаның өсуі бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрық жобасы аясында артқан. Қымбатшылық әсіресе Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында болады деген болжам бар.   АИ-92 және Аи-93 үшін күнтізбелік 180 күнге бағаны 1 литр үшін 5 теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр. Себеп аталған өңірлердің шалғайда орналасуы деп түсіндірді министрлік. Әзірге құжат 8 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін ресми сайтта жарияланған.

Қанттың қымбаттауы әлемдік жағдайға байланысты. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов   осылай деді. Оның айтуынша, негізгі қант жеткізуші Ресейдің тасымалды тоқтатуы нарыққа өз әсерін тигізіп отыр. Дегенмен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы тұрақтандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал кейбір тауарлардың бағасы «Қаржы айналымы» тетігі арқылы бойынша тұрақтандырылған деді. Министр қазір қант мәселесі бойынша Бразилия, Үндістан және Вьетнам секілді ірі жеткізушілермен келіссөздер жүріп жатқанын айтты.   

Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ - САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:

Азық-түліктің кей түрі, мысалы, қант бойынша айтсақ, біз қаласақ та, қаламасақ та баға өседі. Өйткені бүкіл әлем бойынша биржадағы баға көтеріліп барады. Бізге негізгі қант жеткізуші Ресейдің өзі тасымалды тоқтатқандықтан, бұл ахуал бізге әсер етуде. Логистика шығындары бүкіл әлемде өсті.


Биыл 3,2 трлн теңгеге 306 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен 40 жоба бар. Бұл туралы  Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған жобалардың көбі 2025-2026 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Нұр-Сұлтан қаласында араб инвесторларымен  көпфункционалды кешен салу, Қарағанды облысында «Татнефть» компаниясының шина зауытын салу және баламалы электр көздері бойынша 5 жобаны іске асыру көзделуде деді. Менде бүгінге осы. Келесі кездескенше.

Б. Сатуов