Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда малға кесел келді

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2022
  • 1214

Павлодар облысында ірі қара мал белгісіз дертке душар болды. Жаппай ауыру әсіресе Май ауданында тіркеліп отыр. Әзірге оның қандай дерт екені анықталған жоқ. Десе де, жергілікті атқамінерлер жағдай қалыпты екенін айтады. Ал шаруалар тірнектеп жиған малымыздан айырылып қаламыз ба деп қорқады. Аудан әкімінің сөзінше, елді-мекенде 633 бас мал белгісіз дертпен ауырған. Дені жазылған, қазір 52 бас малға ветеринариялық емдеу шаралары жасылынып жатқанын хабарлады. Аурудың алдын алу мақсатында аудандағы 44 мыңнан астам ірі қараға екпе салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ағыбай ӘМІРИН, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Этиологиясы белгісіз ауруды аусыл деп айтуға болмайды. Біз баяғыдан бері білеміз. Аусылмен ауырған мал болса, ем алуға жарамай өледі. Аудан бойынша ауырған малдар арасында өлгендер фактісі жоқ. Мен оны ашық айта аламын.


Ө. Қуанар