Павлодарда Усолка өзенінің жағалауында екі әйел төбелесіп, бірін бірі пышақтаған. Полицияның дерегінше, демалушылар ішімдік ішіп, өзара сөзге келіп қалыпты. Соңы жанжалға ұласып, бірі екіншісінің мойнына пышақ салған. Бірақ, жарақаты жеңіл болғандықтан, науқас ауруханаға жатқызылмапты. Бұл оқиғаға қатысты полиция іс қозғады.
Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
293 бап бойынша Қылмыстық Кодекстің бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Және басқа да адамдарға осы компанияның 440-ншы, 434-ншы бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Павлодар қаласының тұрғындары өзен жағалауында ішімдік ішетіндер көп екенін айтады. Сондықтан, тәртіп бұзған бұзақыларға қатаң жаза қолданылуы керек – дейді.
БЛИЦ:
- Алдында бір бала түсіп кетті ғой осы жерде. Таңға дейін болғанбыз. Әйтеу менттер болған осы жерде.
- Тәртіп конечно, болу керек. Ал оқиғалар көп ғой.
Ө. Қуанар