Русский Сайттың толық нұсқасы

Пара алды деген мемлекеттік қызметші сотта ақталып, министрліктен моральдық өтемақы өндіріп алды

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2022
  • 999

Ақтөбеде пара алды деген күдікпен 7 ай тергеуде болып, кейін сотта ақталып шыққан мемлекеттік қызметкер Қаржы министрлігінен моральдық өтемақы өндіріп алды.  Орман шаруашылығы басқармасының бас маманы тартқан зардабы үшін 7 миллион теңге сұраған. Сот материалы бойынша, мемлекеттік қызметкер ағаш кесуге рұқсат бергені үшін 200 мың теңге алды деген күдікпен ұсталған. 7 ай тергеліп, былтыр қарашада өткен сот процесі кезінде айыптаушы жақтың уәжі дәлелденбей, ол қамаудан босатылған. Бас маман   азаматтық сотқа жүгініп, заңсыз қудаланғаны үшін Қаржы министрлігінен моральдық шығын өтеуді талап еткен. Сот оның талабын ішінара қанағаттандырды. Сөйтіп, 3 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұдан бөлек, мемлекет заңгерлік шығын мен жүргізілген сараптамалардың ақысын да қайтарады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, орман шаруашылығы басқармасының бас маманы қызметіне оралған.

Г. Сейтенова