Русский Сайттың толық нұсқасы

Astana finance days V пленарлық сессиясы

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2022
  • 1201

Ұлттық компаниялардың акцияларын қарапайым адамдар да иелене алуы керек. «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес отырысында мемлекет басышысы осылай деді. Ол «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен оның ұлттық компанияларының рөлін мысалға келтірді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарынан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болдырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек.


Шараға 70-тен аса ел қатысып, 200-ден астам спикер сөз алуда. Форумға қатысушылар да азық-түлік қауіпсіздігін талқылады. Сарапшылар халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін өндірісті арттырып қана қоймай, инфрақұрылымды дамыту қажет дейді. Бұл - әлемде болып жатқан індет пен жанжалдарға байланысты деп отыр. Ұлттық экономика министрі былтыр елімізде электронды сауда көлемі шамамен бір триллион теңгеге жеткенін хабарлады.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Технологиялық жаңғырту, Цифрлық платформалардың мүмкіндіктері, жасанды интеллект, өндірісті автоматтандыру кадрлар даярлауды трансформациялауды және адами капиталды дамытуды талап етеді. Бұл ретте IT-құзыреттері бар кадрларды даярлау ғана емес, жұмыс істейтін азаматтардың дағдыларын цифрландыруға бейімдеу, олардың цифрлық сауаттылығын арттыру маңызды.


Қайрат САРЫБАЙ, АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Әлемдегі мына пандемияге байланысты, сондай-ақ жанжалдарға байланысты Азық-түлік материалдарын жеткізу уақытылы өңдеу, сондай-ақ оны өсіру. Қиын мәселеге айналып бара жатыр, сондықтан халықаралық қауымдастық бұл мәселелерді қалай бір-бірімен, қандай ынтымақтастық құрады, қалай іскерлер бұл бұзылып қалған жолдарды жөндейді. Соған арналған бизнес форум.  

Ә. Дүкембаева