Русский Сайттың толық нұсқасы

Баянауылда Ақши ауылының халқы 30 жылдан бері жол азабын тартып келеді

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2022
  • 1624

Баянауылда Ақши ауылының халқы 30 жылдан бері жол азабын тартып келеді. Аудан орталығынан 110 шақырым жерде орналасқан елдімекенге қатынау қиын. Әсіресе, қыста жолды қар басып, ауылдан аттап шығу қиямет-қайымға айналады дейді тұрғындар.  Мәселені айтып олар талай жерге барған. Бірақ нәтиже жоқ.  Жолы жоқ ауылға әріптесім Өзгеріс Қуанар барып келді.

Ақши ауылы – аудан орталығынан ең шалғайда  орналасқан. Жолдың ұзындығы- 110 шақырым. Оның 70 шақырымына асфальт төселген. Ал қалған 41 шақырымына қиыршық тас төселген.  
 
Марат ЖҰМАБЕКОВ, АҚШИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен жұмасына үш рет. Мынау машина ескірді жаңадан алғам. Бәрі бітті. Сайман бәрі қымбат. Доңғалақтан доңғалақ қоймайды мына жол. Жылда істейміз істейміз дейді. Бірақ, әлі істелінген жоқ.
 

Баттуқаш ТӘЛІПОВА, АҚШИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бәлен жылдан бері осы жолмен қорлық көріп келе жатырмыз. Қыс болса, тағы жүре алмаймыз. Жаз болса, солқ-солқ. Денсаулығымыз болса, жоқ. Дәрігерге барамыз - деп шықтық. Келе жатқан түріміз осы.

Ауыл халқы жолдың жырын айтып, әкімдік табалдырығын тоздырғанмен, әзірге олардың үнін  еститін  құлақ болмай тұр. Құрғақ уәдеге тойдық дейді әбден.

Мәулет БАЙМАҒАНБЕТОВ, АҚШИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Келген әкім ойбай істейміз. Нетеміз қатырамыз - дейді. Сол бетімен қалады. Міне көздерің көрді. Ауырып қалсақ мына 40 шақырым жол жету деген қиын. Машинадан машина қоймайды. Шашылып қалады. Доңғалағы жарылады. Үшкір үшкір тастар шығып алған. Сол қиын боп тұр.

Гүлнәр ЖҮСІПОВА, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жолдың түрі осындай. Случи болды жол болмай қайтып кеттік. Бір емес, екі рет болды сондай. Жақсы жол болса, бір сағатта жететіндей жақсы болушы еді.

Мәселені әкім қаралар білгенмен, шешуге асықпайтын секілді. Жолдың әлі жобасы да жасалмаған. Аудан әкімінің орынбасары бәріне қаржы қолбайлау  дейді.

Руслан МҰҚАШЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ең Бірінші сметалық құжат жасауымыз керек эскпертизасымен. Сол құжаттардың бәрін істеп сұраныс береміз бюджетке. Бұл енді республикадан беріле ме, облыстан беріле ме? Ол енді облыстан шешілетін нәрсе. Сондықтан, бірден жаңағы барлық ауыл жолын істеп тастау бюджет қаражаты жетпейді. Сондықтан, біртіндеп біртіндеп жолдар істелінеді.

Жолдың жыры жақын арада бітпейтін секілді. Аудан әкімінің орынбасары нақты қай жылы салынатынын  айта алмады. Демек, тұрғындардың әлі талай  солқылдақ жолмен жүруіне тура келеді.

Ө. Қуанар

\