Русский Сайттың толық нұсқасы

Дағдарыс жағдайындағы отбасылар

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2022
  • 1081

Елде 1 млн-нан астам отбасы дағдарыс жағдайында. Олардың барлығы қолдауға және барлық мемлекеттік қызметтерді алуға мұқтаж. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысында белгілі болды. Кеңес төрағасы Динара Закиеваның айтуынша, дағдарыс орталықтарына сұраныс көбейген. Қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды тығырықтан шығару, әлеуметтік оңалту, кешенді көмек көрсету аса қажет екенін атап өтті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазір ел көлемінде 31 дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта тағы 45-ін ашу жоспарда бар, бірақ оның атауы оңалту орталығы болып өзгертілмек.

Динара ЗӘКИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Кем дегенде 1 млн 145 мың отбасы дағдарыс жағдайында. Олардың барлығы мемлекет тарапынан қолдауға, барлық қызметтерді ұсынуға мұқтаж. Сонымен қатар, отбасыларға мұндай көмек Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.

Динара Зәкиеваның дерегінше, бір ғана Түркістан облысында 2 миллионнан астам адам тұрады, бірақ аймақта бар болғаны 2 ғана  дағдарыс орталығы бар. Биылғы жылы отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың өсуі 33% - ды құраған дейді. Сондай-ақ, депутат бірқатар облыста әлі де орталық ашылмағанын айтып облыс әкімдеріне сауал жолдады. Түйткілді мәселелердің әлі күнге дейін шешілмей жатқаны халықпен тығыз қарым-қатынастың жоқтығында дейді жиналғандар.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жеке компетенциялар енді жасырын емес, бүгінгі күні өте көп құжаттар проектілер, пландар комплексный солар өте көп. Солардың бәрі бізге мүмкіншілік бермейді. Халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға.

Ә. Дүкембаева