Русский Сайттың толық нұсқасы

«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2022
  • 833

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Энергетика комитетінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Жиында оның құрамы мен ережесі бекітілді. Комитет төрағасы болып Мәжіліс депутаты, «AMANAT»  фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов сайланды. Осы алаңда енді мүдделі мемлекеттік органдардың, ірі энергетикалық корпорациялар мен  бизнес өкілдерінің қатысуымен энергетика саласының мәселелері тұрақты түрде талқыланады.  Комитеттің алғашқы отырысы келесі айда еліміздің энергетикалық орталығы - Павлодар қаласында өтеді.

Талғат ТЕМІРХАНОВ, "ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" ЗТБ ТӨРАҒАСЫ:

Өзекті мәселелер қатарында энергетика саласындағы еңбекақы төлеу деңгейі, тарифтерді белгілеу,  автоматтандырылған жүйені енгізу және басқалар бар. Әрине үлкен көлемде қаражат қажет. Сәйкесінше, инвестиция да тартылмақшы. Бірлесе жұмыс істеу үшін біз «AMANAT» партиясы жанынан осындай талқы алаңын құру  идеясын қолдадық.

А. Шамшидин