Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатына түскен отбасы қауіпсіздік ережесін бұзған

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2022
  • 1283

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Полиция апатқа түскен отбасы қауіпсіздік ережесін бұзған деді. Жеңіл автокөлікке 10 адам мінгесіп алғанын айтты. Көлік апаты Нұра кентінен 4 шақырым жердегі Жараспай- Нұра тас жолында болған. 25 жастағы ауылдасының көлігіне, ерлі- зайыптылар 7 баласымен бірге отырып алып аудан орталығына беттеген. Жолда оларды қарама- қарсы бағыттағы  көлік соққан. Осының салдарынан екі машинаның жүргізушісі де қаза тапты. 25 жастағы жүргізушінің артында екі жас баласы қалды.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жараспай- Нұра тас жолында 58 жастағы Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі көліктің басқаруына ие бола алмай қалып жолдың қарсы бетіне шығып 25 жастағы Golf автокөлігінің жүргізушісімен соқтығысқан. Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар жасалды, қортындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Ал апатқа түскен балалар мен олардың анасы ауыр жарақат алғандықтан санавиациямен облыстық травматология орталығына жеткізілген. Балалар 2,3,5,6,7,8 және  11 жаста. Дәрігерлердің айтуынша барлығының миы шайқалған, жамбас, қабырға, төс, аяқ- қолдары, жақ, тістері сынып кейбірінің өкпесіне, көздеріне зақым келген. Жағдайлары ауыр. Отағасының ғана жағдайы орташа болғандықтан Нұра аудандық ауруханасында жатыр.

Ерік ШОНБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жапа шеккендердің көбі балалар, 7- еуі бала. Біз оларға ота жасадық, алдағы уақытта тағы да операция жасау керек. Оңалу үшін ұзақ уақыт керек. Олар мүгедек болып қалмау үшін мүмкін және мүмкін емес ем- шаралардың барлығын жасап жатырмыз. Үлкендердің салғырттығынан осындай жағдайлар орын алады. Жол қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Облыста қазір жарақат көбейіп кетті. Күніне 502 адам ауруханаға стационарға жатады. Біз тәулік сайын бір адамнан айырылып жатырмыз.

А. Қуаш