Русский Сайттың толық нұсқасы

Бала асырап алам деушілерге ақпарат ашық болады

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2016
  • 2727

Қазақстанда жетімдер үйіндегі балалар туралы ақпарат ашық жарияланады. Келер жылдан бастап ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың ортақ республикалық деректер банкі іске қосылады. Онда жеткіншектер туралы ақпараттар жайғастырылады. Ал бала асырап алуға ниеттілер тіркеліп, жолдама ала алады. Ол бойынша өзі таңдаған анкетаның реттік санымен араға адам салмай, кез-келген мекемеге тікелей шығады. Құзырлы министрліктің өкілдері, бұл халықаралық тәжірибе елдегі жетімдер санын азайтуды жеделдетеді, дейді.

Ғалия Әкімбекова, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі:

Қазіргі кезде балалар үйінде тәрбиеленіп отырған сегіз мың бала бар. Бұл үлкен проблема дей отыра, сол балаларды асырап алуға ниетті азаматтардың ұзын кезекке тізілгенін тағы білеміз. Қалай ол дейсіз ғой? Арада байланыс жоқ. Аталмыш база сол екі мың ата-анаға жетімдер туралы ақпаратқа тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Үкіметтік емес ұйым белсенділері Ішкі істер және Денсаулық сақтау органдарына түрлі себептермен ата-ана қамқорынсыз қалған балалар туралы алғашқы деректі базаға енгізу құқығын беруді ұсынды.

Осылайша сау балалар туралы ақпараттың жасырылуы және жемқорлық фактілерін болдырмауға болады, дейді олар. Білім және ғылым министрлігі жақын арада үкіметке аталған мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділерінен құрылған жұмыс тобын құру ұсынысымен шықпақ. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ