Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда салықтан жалтарған кәсіпкерлер сотталды

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2022
  • 1944

Павлодарда  салықтан жалтарған кәсіпкерлер сотталды. Олар мемлекетке 2 млрд теңгеден астам залал келтірген. Екі адамнан құралған қылмыстық топ жалған 13 компания ашып,  белгісіз адамдардың атына рәсімдеген.  Осы фирмалар арқылы заңды тұлғаларға жалған шот-фактуралар жазып берумен шұғылданған. 3 жыл бойы   млрд-таған қаржыны айналымға жіберіп, табыс тауып келген. Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облыстық департаменті 2019-2021-жылдар аралығында алты жарым млрд теңгеге жалған құжат берілгенін анықтады.  Ал қылмыскер тиісті жазасын алды.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
 
Сот екеуін де кінәлі деп тауып, Легин Вильгелм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды.

Ө. Қуанар