Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жұмысшы тереңдігі 5 метр болатын шұңқырға құлап кетті

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2022
  • 1513

Павлодарда жұмысшы тереңдігі 5 метр болатын  шұңқырға құлап кетті.  Оқиға өңірдегі цехтардың бірінде болған. Облыстық полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша, 31 жастағы жігіт цехта слесарь болып жұмыс істеген. Абайсызда өндірістік бункерге құлап түскен. Салдарынан жұмысшының миы шайқалып, бел омыртқасы сынған. Қазір ауруханада.  

Алма МҰСАБЕКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама жасалынды.

Былтыр елімізде өндірісте жүріп қаза тапқандар саны күрт артқан. 2 мыңнан астам жұмысшы жарақат алған.  Жазатайым жағдайлар бойынша -Қарағанды облысы бірінші орында. Онан кейін Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы  тұр.

Ө. Қуанар