Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында студенттер әлі табылмады

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2022
  • 1809

Түркістан облысында суға кеткен үндістандық екі студент әлі табылмады. Іздеу жұмыстарына бүгін алтыншы тәулік.

Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция өкілдері күні-түні тынымсыз жұмыс атқарғанымен, әзірге нәтиже берер емес. Мамандар судағы бөренелерге дейін жағаға шығаруда. Студенттер суға кеткен өзен аумағы да күні-түні арнайы жасақтың бақылауында. Таудан сарқырай аққан судың тереңдігі кейбір жерлерде он метрден асады.

Нұрғали ЖҮНІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
 
Іздестіру жұмыстарына  төтенше жағдайлар сонымен қатар полиция департаменті, жергілікті атқарушы органнан ЖАЛПЫ 58 адам, сонымен қатар 8 техника жұмылдырылған.Ақсу өзенінің арнасының шатқал, құздарының болуына байланысты жаяу іздестіру жұмыстарының қиындық туындауына байланысты «ҚазАвиа» құтқару мекемесінің тікұшағы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.
 
Еске салайық, Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының 21 студенті өткен жексенбіде Төлеби ауданына саяхатқа шыққан. Әлеуметтік желіде тараған видеода олардың Ақсу өзенінде әуендетіп, асыр салып жатқаны көрінеді. Сол сәтте біреуі суда жүзгендей көрінгенмен, тұншығып жатқанын достары кейін байқайды. Алайда оны құтқарамын деп ұмтылған екінші студентті де ұйық тартып кетті.

А. Төребекқызы