Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада балық бағасы еттен қымбат

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2022
  • 2418

Қызылордада балық  қымбат. Тұрғындар оның құны еттен жоғары дейді. Ал мамандар өзен-көлдерден ауланған балық көлемінің жыл санап артып келе жатқанын айтады.    Сонда оның қымбаттауына не себеп? Жауабын тілшіміз Мөлдір Тоқтасынқызы  анықтауға тырысты.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Аймақта Сырдария өзені мен Кіші Арал теңізінен бөлек, 207 көлден  балық ауланады. Былтыр 5 айда 4 мың тоннаға жуық су маржаны алынса,  биылғы есеп одан мың тоннаға артық. Бірақ, оған қарамастан балықтың бағасы күннен күнге  қымбаттап барады.

БЛИЦ:

- Соңғы уақытта балықтың бағасы еттің бағасымен бірдей болып кетті. Балықты негізі жиі тұтынамыз. Ауылдық жерлерден алып келгендер арзандау болады да, ал дүкен сөрелерінде қазіргі таңда қымбат.

- Қолжетімсіз, себебі ең арзан балық -1800 теңге. Есептеңіз аптасына 2 рет жейтін болсаңыз 1800 теңгеге мынадай ғана балық аласыз. Оны 5 адамға бөлсеңіз келмейді ғой.

- Дүкен сөрелерінде, базарла, әсіресе үлкен лақа, сазандарыңыз қымбат. Ауыр тиеді. Қызылорданың өзі балықтың мекені ғой. Аралдан шығып жатыр көбінесе. Сәл арзандатса болады.


Құрамында фосфоры көп Арал көксеркесіне Еуропа мен Азия елдердерінен сұраныс жоғары. Алайда  жергілікті тұрғындардың қолы оған жетпейді.  Ал   жайынның бір келісі қазір базарда- 2800 теңге. Сазан 2 мың теңгеге жақындап қалған. Сатушылардың айтуынша,   балық Арал мен Қазалы аудандарынан  әкелінеді.   Қыста Каспий теңізінен жеткізіледі. Делдалдар арқылы алынған тауардың бағасы аспандап кететінін олар да жасырмайды.

Марияш ҚАЛМЫРЗАЕВА, САТУШЫ:

Қазір өзіміздің Қызылордада балық шықпай жатыр. Су азба білмеймін ғой. Балық келмей жатыр, онша көп келмейді. Туу Қазалыдан келеді. Ол жақтан оптовик, одан бізге келеді. 2 қолдан келеді. Сосын шамалы қымбаттау. Мысалы мынаны 1800-ден алып тұрсақ, бұның басын алып тастаймыз, ішек-қарынын алып тастап, мына орта белден 2800, 2500 солай сатамыз.

Аймақта 5 мыңдай кәсіби балықшы бар. Алайда соңғы уақытта көлге заңсыз ау салатындар көбейген. Жыл басынан бері  табиғат қорғау заңнамасын бұзған 276 адам қолға түскен. 2-еуінің ісі ішкі істер органына жолданған. Олардан 4 тоннадан аса балық тәркіленіпті. Дегенмен, мамандар браконерьлермен күрес нәтижелі болуы үшін  техникалық базаны жаңалау керек дейді.

Есенбай ЕСІРКЕПОВ, АРАЛ БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бізге қарағанда браконерлер техника жағынан асып түсіп жатқаны рас. Өйткені біздегі ат күшімен есептегенде 40 аттық күші, ал ол кісілерде 60-75 деген мотор мініп жатыр. Бәрі бірдей емес бірақ алды соған кетіп жатыр. жеткізбейді және алыстан кетіп қалады қазір.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адам жылына кемі 16 келі балық жеуі керек деген ұсыныс айтады. Алайда, бір емес, 10 балық өңдеу зауыты бар аймақ тұрғындарының өзіне бұл әзір мүмкін болмай тұр.

М. Тоқтасынқызы