Русский Сайттың толық нұсқасы

Экология министрлігі Каспий итбалықтарының неден қырылғанын түсіндірді

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2022
  • 1264

Каспийде  220-ға жуық итбалық қырылған. Бұл туралы Экология министрлігі мәлімдеді. Әзірге итбалықтардың неден қырылып жатқанын анықтау мүмкін болмай отыр дейді,-жауаптылар. Өйткені табылған итбалықтардың денесі ыдырап кеткен. Ғалымдар оның бірнеше факторы бар екенін айтып отыр дейді,-министрлік өкілі.  

Аян БАХИЯНОВ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаңа туған ит балық күшіктерінің мұз үстімен ашық теңізге шығып кетуі.Және де сол анасынан айрылып, азығынан айырылғаннан кейін ит балық күшіктері аштан өлді деген бір себеп.

Сондай-ақ, министрлік өкілдері киіктерді ату бойынша да түсініктеме берді. Айтуларынша, қазір елімізде киік саны артқан. Сондықтан белгілі бір мөлшерде оларды ату бойынша пилоттық жоба қарастырылып отыр дейді. Батыс Қазақстан облысының өзінде киіктер 1млн гектар жерді таптап кеткен. Бұл  дихандардың еңбегін еш кетіріп отырғанын айтады. Ал аңшылықты ұйымдастыру бойынша  ұсыныстар әлі қарастырылып жатқан көрінеді.  Министрлік аңшылық маусымды қырқүйек-қазан айына жоспарлап отыр.

Бақытжан ИСАХАЕВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Нақты ату бойынша, ғылыми мекеменің ұсынысы бойынша мұны жалпыға бермей қазіргі күнде қатаң бақылаумен мемлекеттік органның тиісті арнайы мемлекеттік мекемесіне беріліп, атылуы керек деген ұсыныс беріп отыр.

Б. Сатуов