Русский Сайттың толық нұсқасы

Музыкалық білім беру мектебі ашылды

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2022
  • 1299

«Балалар жылы» аясында қаламыз тағы бір музыкалық білім беру орталығымен толықты.  Жаңадан дамып келе жатқан аудандардың бірі-Қайым Мұхаметханов көшесінде «Saz alemi» орталығы ашылды.  Мақсат -  балалардың үйден алыстамай, жақын маңдағы үйірмелерге баруына  жағдай жасау.

«Саз әлемі» музыкалық білім беру орталығы су жаңа тұрғын-үй кешендерінің бірінші қабатында орналасқан. Қала аумағы жыл санап емес, күн санап өсіп жатқандығын ескерсек, әр көшеде осындай білім, өнер орталықтарының болғаны абзал. Сонда  жеткіншектеріміз үйінен алыстамай, қалаған үйірмесіне баруға мүмкіндік туады дейді  ұйымдастырушылар.
 
Әсима БИМЕНДИНА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛІ:

Сол бүгін өте қуанғаным, мына балаларға қосымша білім алуға жағдай жасалып жатыр. Өйткені мына музыкалық мектептер, басқа да қосымша мекемелерде өздерінің ғимараттары жетіспейді. Балалардың сандары көбейіп келе жатыр. Ал мына ата-аналарға үйінен бала шығып, қосымша білім алып,  сабақтардан кейін, одан ата-ана алаңдамай үйіне баласы 10 минутта жетіп барса, ол ата-аналарға сондай бір жақсы жағдай деп ойлаймын.

Орталықта дәстүрлі классикалық аспаптардан өзге заманауи медиатехнологияларды меңгеруге де болады. Дыбысты өңдеу, дыбыс режиссерлігі сынды тың кәсіптердің алғышарттарын үйрететін мамандар бар.

Сергей ЛИЗУНКОВ, Е.СЕРКЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ №3 БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІ МҚКҚ ЖЕТЕКШІСІ:

Келген балаларды мұғалімдеріміз тыңдап көреді. Аспапта   ойнауға қаншалықты икемі бар, есту қабілеті бар ма, ритмді сезінуі қалай, осыған мән береміз.  Осы қасиеттерімен дараланған жеткіншектерді қабылдаймыз. Үйірмелердің бағасы қалалық әкімдік бекіткен тарифке сәйкес 10 мың теңге.

 
Мектеп басшылығы көпбалалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 50 пайыз жеңілдіктің қарастырылғанын ескертті. Жалпы білім ұйымы 100 балаға лайықталған. Орталық қалалық білім беру басқармасының қолдауымен ашылды.

А. Шамшидин