Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада ата-аналар шу шығарды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2022
  • 1416

Елордада ата-аналар шу шығарды. Олар сол жағалаудағы 4 мың орындық мектептен балаларына орын таппай жүр. Онлайн құжат қабылдау басталысымен, санаулы сағатта орын қалмағанын түсіне алар емес. Құжат тапсыру үшін сағаттап тұрғандардың жаyайқайын әріптесім Ақбота Базарбай жеткізеді.  

Бұл білім ошағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған. 4000 балаға арналған мектепке құжат қабылдау бүгін басталды. Таңнан бері мектептің алдын торуылдаған ата-аналар, әп-сәтте орын қалмағанына ашулы.  

БЛИЦ:

- Сайт арқылы 1-сыныпқа құжат қабылдауды таңертең сағат 9-да бастады, 1 минут ішінде қазақ сыныбына да, орыс сыныбына да орын жоқ. Бұл дұрыс емес қой. Кішкентай балаларымызбен тұрмыз. Ата-аналар бес жүзінші, алты жүзінші болып кезекке тұрып жатыр. Мен алты жүзіншімін, енді 1-сыныпқа бару үшін осында түнейміз бе?

- Біз мына жердегі мектептердің бәрін аралап шықтық. Бәрінің айтатыны "Шығыс тұрғын үй кешенінің балалары Бином мектебіне қарайды". Енді орын жоқ болса біз не істейміз? Қайда барамыз?


Аты дардай жалпыға білім беретін мектепке ілігу үшін, бала сол аумақтан алыс тұрмауы керек. Яғни, баланың тұрғылықты мекен-жайы маңызды. Тіпті, үйдің құжаты да сұратылатын көрінеді.

Ыстық күннің астында бала-шағасымен кезек күткен көпшілік мекен-жайымыз сол аумаққа қараса да, құжатымыз қаралмай жатыр деп даурықты. Ал мектеп басшылығы бұл шындыққа жанаспайды дейді.

Арайлым МАҒЗҰМОВА, МЕКТЕПТІҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:


Біз егов мобайл бойынша ата-аналарға сол тіркемелеріңізді алып келіңіздер дедік. Біз Бұл жерде иин арқылы, бала емес ата-анасының иин-нін енгізіп отырып, егер ол осы микроучастікте көрсетілген тұрғын үй кешендерінде пропискада болса ғана қабылдаймыз.  Болмаса оларға отказ береміз. Сондықтан жаңағы пропискасыз қабылдап жатыр деген  сөзге ешқандай негіздеме жоқ. Ол шындыққа жанаспайды.

Құжат тапсырамын дегендердің көпшілігі балаларын орыс сыныптарына бергісі келетінін айтты. Мектеп басшылығы сондықтан орысша оқитындарға орын қалмаған, ал қазақ тілінде оқытамын дегендерге орындар бос деп отыр.

Асыл АМАНКЕЛДІҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі күні "Замзам Бином" мектебі 116 сынып қабылдап отыр. Ол 116-ның 72-сі мемлекеттік тілде, 44 сынып орыс тілінде оқытылым. Енді бүгінгі таңда өздеріңізге мәлім, қазір орыс тілінде оқыту бастауыш сынып мұғалімдері өте тапшы. Ол биыл ғана емес, алдыңғы жылы, былтырдан бері осы тапшылық мәселесіне байланысты. Сондықтан орыс сыныптың санын ұлғайту мүмкін болмай отыр.

Елордада жылда жаңа мектептер ашылғанмен әлі күнге 4 мектеп 3 ауысымда оқып отыр. Ал 15 мектепте бала саны шамадан асып кеткен. Биыл 23 мың оқушыны қамтитын 11 білім беру ұйымы ашылмақ. Алайда, бұл да - мәселені түбегейлі шешпейді дейді білім басқармасы.

А. Базарбай