Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол апатынан 1 мыңға жуық қазақстандық қаза болған

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2022
  • 1351

Жыл басынан бері елімізде 1 мыңға жуық адам жол апатынан қаза тапқан. Оның ішінде 70 бала бар. Алғашқы жарты жылдықта  6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қайғылы оқиғалардың басым көпшілігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін саналы түрде бұзуынан болады дейді мамандар. Сондай-ақ жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, қате маневр жасап, қарсы бағытқа шығып кету жағдайлары жиі  кездесетін көрінеді.  

Ақтоты БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Жылдамдық режимінің сақтамай басқаруға байланысты 1,5 мыңға жуық ЖКО тіркелді, онда 300-ге жуық адам қаза тауып, 2 мыңға жуық адам жарақат алды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер кінәсінен 200-ге жуық жол апаты болып, 40-тан астам адам қаза тапты, 150-ге жуық адам жарақат алды.

А. Базарбай