Русский Сайттың толық нұсқасы

Инклюзивті фитнес орталық ашылды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2022
  • 1381

Ақмола облысында ерекше жандарға арналған фитнес-орталық ашылды. Бұл -Қабанбай батыр ауылының тұрғыны, инклюзивті қоғам қауымдастығының президенті Динара Наумованың бастамасы.  

Динара НАУМОВА, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Біздің мақсатымыз-бір залда мүмкіндігі шектеулі және қарапайым адамдарды біріктіру. Мен өзім ДЦП диагнозымен дүниеге келдім және оңалту мен білікті мамандар көмегінің  арқасында аяқтан  тұрдым.  Біз ерекше балалардың аналарымен байланысқа шықтық, әрине, олар бақытты.


Орталық кәсіби спорт   құрал-саймандарымен жабдықталған екі жаттығу залынан тұрады. Жоба жетекшісінің айтуынша, мұнда кез-келген адам келуге болады. Дегенмен, мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жабдықталған кабинетте тегін сабақтар өткізу көзделген.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өзінің мүмкіндігі шектеулігіне қарамастан 70 шақты азаматқа жұмыс орындарын тауып беруге мүмкіндік туғызып жатыр. Өмірге деген ынта, өмірге деген құлшыныс, өмірді қалай жақсы көру керек, өмірді қалай сүю керек екенін керемет, мына қазақтың қызы бойындағы ерекше қасиеттермен бейнеледі десем артық емес.

Ә. Дүкембаева