Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық желаяқтар өңірдегі аудандарды жаяу аралайды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2022
  • 1643

Павлодарлық желаяқтар  өңірдегі аудандарды жаяу аралап шықпақ. Бүгін олар алыс сапарға аттанды. Марафоншыларды өңір тұрғындары қошеметпен шығарып салды. Өміржан Ошанов пен Евгений Белов  12 күн ішінде 800 шақырым жолды жаяу және велосипедпен жүріп өтпек. Шара балалар жылына арналған. Мақсаты  - жастарға патриоттық тәрбие беріп, оларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.  Марафон қатысушыларына   Мәжіліс депутаттары велосипед сыйлады. Ал шараға «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мұрындық болды.

Өміржан ОШАНОВ, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ:

Мен өзім 2002 жылдан бастап мемлекеттік мейрамдарды 10 шақырымдық жүгірістермен қарсы алатынмын. Ұлы отан соғысының аяқталғанына 70 жыл тойына арнап, осы «Шарбақты-Павлодар-Мәскеу» велошеруін сәтті аяқтадым 22 күннің ішінде. Бүкіл Павлодар облысының аудандарын жүгіріп өтпекшіміз.


Ө. Қуанар