Русский Сайттың толық нұсқасы

22 мың елордалық жұмыспен қамтылады

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2022
  • 1379

Қолда диплом бар, жұмыс жоқ. Қазір кең тараған үрдіс. Ал жұмыс берушілер тәжірибені талап етеді. Еңбек нарығын көрмеген жастардың тығырақтан шығуы үшін «жастар практикасы» енгізілді. Бағдарлама жұмыссыздық мәселесін шешуге қаншалықты септесіп жатыр? Тілші тарқатады.

Елордалық Айбек Тілеуберген өткен жылы «есеп және аудит» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын тәмамдады. Түйіндемесін толтырып, жұмыс іздеді. Бірақ таба алмапты. Барлығы жұмыс тәжірибесін талап еткен. Содан жұмыспен қамту орталығына келген. «Жастар практикасы» бағдарламасын білген. Құжатын рәсімдеді, жұмысқа орналасты. Бір ерекшелігі, биыл бағдарламаның мерзімі бір жылға ұзартылды, жалақысы да өсті.
 
Айбек ТІЛЕУБЕРГЕН, ЖАС МАМАН:

Құжат дайындау өте қиын болған жоқ. Оңай болды. Үш күн ішінде жұмысыз деген статус алдым. Және құжаттар жинадым, тапсырдым, жұмысқа кірістім. Әрі қарай жұмысқа кірісіп, тұрақты орналасам деп ойлаймын. Ақпанның 7-нен бастап жұмысқа тұрдым. Кәдімгідей ресми. Әрі қарай 12 ай жұмыс істеймін. Жалақым сол 100 мың теңге.

   
Айбек секілді бұл бағдарламаның игілігін 259 елордалық жас маман пайдалануда. Жыл соңына дейін мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Жалпы жыл басынан бері орталық арқылы 5 мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан. Оның 2 мыңға жуығы жастар.
 
Бағила ОРЫМБЕТОВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Мүгедектігі бар азаматтарды да, жәй қарапайым азаматтарды да қабылдап, қарастырамыз. Енді мамандықтарына байланысты түрлі болып келеді. Көп уақыт жұмыс істемей қалған азаматтар да болады. Жаңадан дипломдарын алып, әлі біліктілігі жоқ, жұмыс өтілі жоқ азаматтарда келіп жатады. Бәріне, жалпы келген азаматтардың барлығына әрқайсына жеке қабылдап, әр маман жеке қабылдап, жәрдемдесуіне көмектеседі.
   
Қазір Елордада жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрайды. Көрсеткішті азайту үшін орталық мемлекеттік бағдарламадан бөлек, жұмыс берушілермен де тығыз байланыс орнатқан. Оларға қажетті мамандарды қайта оқыту арқылы даярлауда. Жыл аяғына дейін бас қалада 22 мың адам жұмыспен қамтылады.

Т. Әлжанов