Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ескі және апатты үйлері сүрілетін 601 отбасы жаңа үйге қоныстанады

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2016
  • 2491

Биыл Астанада ескі және апатты үйлері сүрілетін 601 отбасы жаңа үйлерге қоныстанады. Бүгін салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысымен танысқан қала әкімі Әсет Исекешев олардың мерзімінде тапсырылуын бақылауды жүктеді. Биылғы жылдың соңына дейін 27 үй сүрілмек. Сөйтіп, 601 отбасы жаңа баспаналы болады.

Ал келер жылы 111 ескі үй бұзылады. Ондағы 1 872 отбасы да қоныс тойын тойлайды. Бұл 1940-1970 жылдары салынған нысандар. 2013 жылдан бастап 228 үйді сүру жобасы қолға алынды. Соның 90-ы бұзылған. Ал осы уақытта 28 жаңа үй пайдалануға беріліп, оған ескі және апатты баспанада тұрған 1 476 отбасы көшірілген. Жобаның екінші кезеңін 2018-2020 жылдар аралығында жүргізу жоспарланған. Қазір әкімдік бұзылатын үйлер тізімін жасап жатыр.