Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданынан Қызылжар өңіріне 50 адам көшіп келді

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2016
  • 5260

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданынан Қызылжар өңіріне 50 адам қоныс аударды. Олар Уәлиханов және Ақжар ауданында тұратын болады. Барлығы 18 отбасы. Оның 7-уі Ақжар ауданының Алқатерек ауылында қоныстанбақ. Оңтүстік азаматтарын теріскейліктер думандатып қарсы алды. Қоныс аударушылар әзірге мектептерге жайғасытырылды. Оларға берілген баспаналарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айбөбе  Дүйсенбекова:

Бұл жердің біз қысынан да, басқасынан да қорқып отырған жоқпыз. Себебі балалардың келешегі үшін біз осында келіп, жайғасып, үй-жай болып жатырмыз. Жанымызда банямыз да бар, үйдің ішінде унитазымызға дейін, санузел барлығы бар. Өте жақсы үй алдық. Енді құтты қоныс болсын деп жатырмыз, құдай қаласа. Ауылдың халықтары да бізді құшақ жая қарсы алып жатыр.

Оларға «жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында көтермеақы беріледі. Отағасына 100 мың теңгеден қарастырылса, әйелдер мен балаларға 75 мың теңгеден бөлінбек. Күнгейліктер бұл қаражатты қайда жұмсайтындарын да ойластырып қойған. Олар мал басын көбейтіп, жылыжайлар салмақ.   

Абзал ҚҰРМАНКИН