Русский Сайттың толық нұсқасы

Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеушілердің үстінен іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2022
  • 2912

Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Экс-міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқандардың үстінен іс қозғалды. Агенттіктің ресми өкілінің хабарлауынша, 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде тергеу-жедел тобы қылмыстық істі тергеген, ол кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Арман ТІЛЕУКЕНОВ, АГЕНТТІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

2019 жылдың 6 шілдесінде іс бойынша күдікті Л.Пак қайтыс болды. 2020 жылдың 7 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Лариса Пактың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталғанын хабарлады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрайды.

Ә. Дүкембаева