«Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті. Астана күніне орай өткізілген жарыс Қостанай тұқымды жылқылар мен Қостанай будандары қатысқан ат жарыспен басталды. Аламан төрт түрлі қашықтықта межеленген. Асыл тұқымды тұлпарлардың оза шапқандары Ақмола, Қостанай облыстарына тиесілі. Жүлде қоры – 20 миллион теңге. Ұйымдастырушылар бәйгені өткізудегі мақсат - қазақтың қазанаты- Қостанай жылқысын сақтау, дамыту дейді. Шара Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен өтті. Бәйге құнан, кіші аламан және аламан бәйгемен жалғасты.
Рахат ЖАҚСЫБАЙ, ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Тәуелсіздік жылдарындағы қиындықтарға байланысты, жылқының саны азайып кеткен. Қазір осы Қостанай жылқысын қазақтың қазанатын сақтап қалуға, санын көбейтуге бірнеше шара жасап жатырмыз. Соның шінде осы шара. Бәйге шынымен не береді бізге? Азаматтарға, ат бегілерге Қостанай жылқысын ұстауға, Қостанай жылқысын баптауға, көбейтуге мотивация береді деген үмітіміз бар.
Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Өткен жылы арнайы жоспар қабылдадық. Қостанай жылқысы дегеніміз қазақтың қазанаты ғой. Сондықтан соны қалыпқа келтіруге бүкіл күшті салуымыз керек. Негізгі себеп біреу ғана әрбір елдің, мемлекеттік ұлттық брендтері болады. Сондай бренд, ол -қазақтың қазанаты.
А. Шамшидин