Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемде есірткі тасыған қылмыстық топ құрықталды

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2022
  • 1565

Нұр-Сұлтан қаласында   ірі көлемде есірткі сатқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолында 36 жастағы жүргізуші тізгіндеген Toyota Еstima көлігінен салмағы 16 келіден асатын гашиш табылған.  Салонда қылмыстық топтың  ұйымдастырушысы мен  сыбайласы болған. Күдіктілер шөпті Шудан әкеліп, оны Елордада  сатуды жоспарлаған көрінеді.  Есірткінің қара нарықтағы құны - 16 миллион теңге.  

Б. Сатуов