Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавл әуежайының қауіпсіздігіне ел қазынасынан 641 миллион теңге бөлінді

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2016
  • 1931

Петропавл әуежайының қауіпсіздігіне ел қазынасынан 641 миллион теңге бөлінді. Бұл жайында үкімет басшысының Солтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында белгілі болды.

Антон Федяев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

Тексеретін қондырғылар бойынша, қауіпсіздікке арналған құрылғыларды сатып алуға 141 миллион теңге бөлінді. бұл терминалға қатысты. Бұдан басқа әуежайдың жан-жағын жарықтандыру, жолды қалпына келтіру, дабылқаққыштар мен бейнекамераларды орнату, әуежайға арнайы техника сатып алу сынды мәселелер де қарастырылған.

500 миллион теңге бейнекамераларға, жарықтандыруға, дабылқаққыштарға және арнайы техникаға жұмсалмақ. Ал қалған қаражат жолаушылар терминалын орнатуға қарастырылды. Жалпы, Қызылжардың әуе вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары былтыр басталған. Бүгінде ұшып-қону жолағы 60 метрге дейін кеңейтілді. Енді оны 2800 метрге дейін ұзарту жсопарланып отыр. Жуырда жолаушылар терминалын қайта жаңғырту жұмысы қолға алынды. Қазір мердігерлер нысанның шатырын бұзып жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты Петропавл әуежайы мамыр айында жабылған болатын. Ұшу рейстерін енді қыркүйекте ашу көзделіп отыр.

Абзал ҚҰРМАНКИН