Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда құрбандық малының құны қымбат

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2022
  • 1228

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Қостанайда қойдың орташа бағасы 90 мың теңгеге жетті. Бірақ соған қарамастан құрбандық шалуға ниеттілердің қатары көп. Шаһар шетіндегі арнайы орынға құрбандық малдары жеткізіле бастаған. Облыстық мешіт өкілдерінің болжамынша биыл  15-ке  жуық ірі қара, 120-дан астам ұсақ малға онлайн тапсырыс түсуі мүмкін. Түлікті соятын қасапшылар мен мұқтаж отбасыларға жеткізетін жандар да дайын. Өткен жылы екі мың отбасыға ет жеткізілсе, бұл жолы олардың саны көп болмақ. Биыл құрбан шалушылар қатары да қалың көрінеді.

Әлішер БАЛАХМЕТ, ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТІҢ БІРІНШІ НАИБ ИМАМЫ:

Тоқтылар  60 мыңнан басталады. Ірі қойлар бағасы 80 мың теңгеге дейін.  Біз бағаны солай қойдық. Әрине енді облыстық деңгейде шешілген мәселе. Және де ірі қара малдың бағасы адам басына 60 мың теңгеден 7 адам қосылып союға болады. Биыл да жалпы құрбан айт мерекесінде осылай құрбандық  шалушылардың қатары ірі қара ма болсын, қойларға тапсырыс берген кісілер болсын саны жылдан жылға өсуде деп айтсақ болады.

Күллі мұсылман қауымы асыға күтетін Құрбан айт мерекесінде қалтасын қалыңдатқысы келетіндер де кездеседі. Қазір мал саудасы қызып тұр. Әсіресе алыпсатарлар құрбандық малының құнын өсіріп қарапайым халықтың қалтасын қағып отыр, дейді қала тұрғындары.

БЛИЦ:

- Қазіргі уақытта Қостанай облысында қойдың орташа бағасы 70 мыңның шамасында .Кейбір жерлерде 90 мыңға дейін барып жатыр.Енді осыған қарамастан халық енді құрбандықтарын шалып жатыр.

- Құрбан айт кезінде қымбаттатып жіберген дұрыс емес. Жылда байқалатыны осы. Алыпсатарлардың ашкөздігі. Құптамаймын. Ал егер рас Алла разылығы үшін деп құрбан шалу дұрыс. Бірақ осындай жағына да жол бермеу керек. Жаңағы қымбатшылыққа.


З. Санай