Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда қарттар үйінің тұрғыны өз бөлмесінде асылып қалған

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2022
  • 1970

Оралдағы қарттар мен мүгедектерге арналған арнаулы әлеуметтік мекеменің тұрғыны өз бөлмесінде асылып қалған.   61 жастағы азаматтың өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Мекеме басшысының айтуынша, марқұмның денсаулығында кінәрат болған. Жүйке аурулары бөлімінде 14 жылдан бері емделіп келген  және жыл мезгіліне байланысты сырқаты асқынып кететін көрінеді.

Қаршыға НҰРМАШЕВ, ОРАЛ ҚАРТТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ ҮЛГІДЕГІ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Марқұм - ІІ топ мүгедегі. Дәрігерлер қойған диагноз - биполярлы аффективті ауытқушылық әрі мінез-құлқы жыл мезгіліне сай өзгеріп, гипоманиакалды жағдайға ұшырайды. 9-шілде күні кешкі сағат тоғыз шамасында өз бөлмесіндегі кереуетке асылып қалған.

Бұл жағдайға қатысты  полиция «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Марқұм биыл мамыр айында облыстық жүйке аурулары орталығында ем алған. Бала-шағасы Оралда тұрады.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы содан кейін анықталатын болады.

Е. Карин