Алматыда қаруланған ер адам ұсталды. Оқиға Алатау ауданының «Дарабоз» шағын ауданында болған.
Аулада қару асынған адамды көрген тұрғындар полицияға хабарласқан. Патрульдік полиция тұрғын үйді қоршауға алды. Артынша күдікті ұсталды. Тұрғындардың айтуынша, ол бірнеше рет оқ атып үлгерген. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Масура АЛДОҢҒАРОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Адамдар ұйықтап жатқан кез, балалар ұйқыға баратын кез, мылтықтың дауысы кез-келген адамды қорқытады ғой. Мен мына подъезде тұрамын, көршіміз келді. «Далада мылтықпен біреу жүр, шықпаңыздар далаға»,- деді.
Күдікті-1985 жылы дүниеге келген Алматы тұрғыны. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Алдын ала болжам бойынша ер адам мұндай қадамға баруға отбасылық жанжалдың салдарынан бел байлаған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
М. Жақан