Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда жемқорлық дерегі анықталды

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2022
  • 2115

Жамбылда жемқорлықтың тағы бір дерегі анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері білім саласынан 171 млн теңгенің қолды болғанын анықтапты. Қомақты қаражат «Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер мен жоғары оқу орындарына бөлінген. Заманауи құрылғылармен қамтамасыз етіп, білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу міндеттелген. Алайда  миллиондардың бір бөлігі қалтаға кеткен көрінеді.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық істің процестік шешімі қабылданатын болады. ҚПК-тің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Ал, Қордай ауданында оқушылар ыстық астан қағылған. Аудандық қадағалаушы орган өкілдері білім мекемелеріне тексеріс жүргізгенде, мәселенің құжаттан туындағанын анықтапты. Мамандар салғырттығынан оқушылардың керекті құжаттары толық жинақталмаған. Осының кесірінен атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылуы тиіс отбасы балалары, тиісті  жеңілдіктерден қағылған.  

Гауһар БАЙТІЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:


Балаға сұраныс келіп түскен сәуір айында. Білім басқармасы тарапынан жұмысшы тобы құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде 40 баланың ғана құжаттары жинақталғаны дәлелденді.


Б. Жұмабайұлы