Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев қызметінен кетуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2022
  • 1338

Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев қызметінен кетуі мүмкін. Бұған орынбасарының пара алғаны себеп болған. Естеріңізге салайық, 6-шы маусымда сот қала әкімінің орынбасары болған Бауыржан Ахметовті мемлекеттік сатып алу кезінде кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды - деп айыптап, 8 жылға бас бостандығынан айырған болатын.  Алайда сотталушы үкіммен келіспей сотқа аппелациялық шағым түсірді. Шағым 20-шы шілде қаралмақ. Ал Ардақ Қаңтарбаев қол астындағы қызметкерінің әрекеті үшін  жауапгершілік арқалауға дайын екенін жеткізді.

Ардақ ҚАҢТАРБАЕВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Өздеріңіз білетіндей заң бойынша менің қарамағымдағы қызметкер істі болғаны үшін отставкаға кетуге міндеттімін. Бірақ, бұны енді басшылық шешетін болады.  Егер  басшылық талап етсе, мен қызметімнен кетуге дайынмын.

Ө. Қуанар