Русский Сайттың толық нұсқасы

Баланы құтқарамын деп, өздері суға кетті

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2022
  • 991

Әлеуметтік желіде арнайы форма киген  жігіттердің шамамен 12-13 жастағы баланы ағын судан  құтқару сәті  қызу талқылануда. Бұл кадрларда  жеткіншекті қатты ағыстың алып бара жатқаны көрінеді. Оның көмекке шақырған даусы да естіледі.  Келісілген әрекеттердің арқасында бала жағаға шығарылған. Бірақ, оны құтқарғандардың екеуін қатты ағыс алып кетті. Видео авторы бұл жағдайдың Жамбыл облысы Меркі ауылында болғанын атап өтеді. Алайда облыстың төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның Қырғызстанда болғанын хабарлады.  

Ә. Дүкембаева