Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада төлем терминалдарын ұрлаған күдікті қолға түсті

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2022
  • 1126

Қызылордада төлем терминалдарын ұрлаған күдікті қолға түсті. Ол қаладағы дәріханалардан 3 терминалды тапа тал түсте көтеріп кеткен. Күзетшілерге өзін сервистік қызмет көрсетуші ретінде таныстырған. Сеніп қалған олар қондырғыларды көлігіне дейін жеткізуге жәрдемдесіпті. Күдікті әдеттегі жорығы кезінде ұсталды. Ол -31 жастағы Түркістан облысының тұрғыны екен.
 
Мұхитдин СӘКЕН, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

3 бірдей қылмысты өзі ұйымдастырып, арам ойын жүзеге асырған азамат қазіргі таңда Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, яғни ұрлық дерегі негізінде көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Шығын көлемі есептелуде. Қазіргі таңда осы күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.


М. Тоқтасынқызы