Президенттің сыны орынды. Ауыл шаруашылығын дамытпасақ, инфляцияға тұсау бола алмаймыз. Экономист Қосман Қажкенов осылай дейді. Оның айтуынша елде шикізат жоқ, тіпті оны егетін жерде тапшы. Тығырықтан шығар жол бар деді.
Қосман ҚАЖКЕНОВ, ЭКОНОМИСТ:
Мемлекет басшысы бүгінгі жиында бірқатар мәселенің басын қайырды. Соның ішінде ауыл шаруашылық мәселесі. Ауыл шаруашылығын дамытпасақ инфляция 20 процентке дейін өсе береді. Үкімет пен жауапты органдар осыған мән беруі тиіс. Бағаның шарықтап кетуіне де себеп бар, ол әлемдік нарықта азық-түлік бағасы 40 пайызға қымбаттаған. Біздің бірден бір кемшілігіміз елімізде шикізат жоқ. Тіпті егетін алқап жоқ. Бұл жерде агро технологияны да жаңалау керек. Жалпы, бірқатар жұмыс атқарылуы керек. Бұдан шығатын жол, ол ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау арқылы қымбатшылықпен түбегейлі күресуге болады.
Сондай-ақ, қантты да әлі күнге дейін, өзге елден импорттап отырғанымыз өкінішті, дейді саясаттанушы Дәурен Базар. Оның пайымынша мемлекет басшысының министрлерге берген сөгісі, ол жалпы ведомство жұмысының ақсап жатқанын көрсетеді.
Дәурен БАЗАР, САЯСАТТАНУШЫ:
Жеке қабылдамауы керек деп ойлаймын. Жалпы бұл министрлікке берілген сөгіс деп қарау керек. Белгілі бір салаға жауап беретін министрлік, өзінің кеткен қателіктер мен кемшіліктерді дұрыстауға жұмыстану керек. Осы бағытта нақты шаралар мен шешімдер қажет етіледі.
Ә. Дүкембаева