Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда мәдениет басқармасының басшысы 3 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2022
  • 1323

Павлодарда  мәдениет басқармасының басшысы Самал Бегалинова 3 жылға сотталды. Ол Әлихан Бөкейхановтың мүсінін орнатуға арналған тендерді жеңіп алған кәсіпкерден  1 млн. теңге пара алған.  Сот барысында басқарма басшысы кінәсін толық мойындады.  Айтуынша, ол қомақты қаражатты Нұр-Сұлтан қаласынан пәтер алу үшін алғашқы жарна ретінде жұмсамақ болған. Сот оның кәмелетке толмаған екі  баласының бар екенін ескере отырып, жазасын 5 жылдан кейін өтеуге үкім шығарды. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет ету құқынан   айырды.

Әсемқоңыр САЙРАН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ № 2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот Самал Бегалинованы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, екінші бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесті. Және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің облыстық департаментіндегі заттай дәлелдемелерді сақтау камерасында тұрған 1 миллион теңгені тәркілеу туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ө. Қуанар