Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Есентай өзенінің жағалауында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2022
  • 1335

Алматыда Есентай өзенінің жағалауында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды. Ұзындығы 4 шақырым  жағалауды абаттандыру жұмыстары аяқталды. Өзеннің бойына ағаш қоршау және тіреуіш қабырғалары орнатылды. 600-дей жапырақты ағаш егіліп, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынды.

Мұрат ЖЕКСЕНБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз 2018, 2019 жылдары Әл - Фарабиден Жамақаев көшесіне дейін жасадық. Ол жерде халық өте көп. Қазір Жамақаевтан мына субөлгішке дейін бітірдік. Ендігі этап – су бөлгіштен Медеуге дейін жасап шығу. Ол жақ -12 шақырым.

Абаттандыру жобасы табиғи ландшафты сақтай отырып, қалалықтардың жайлы демалысына жағдай жасауға бағытталған. Мұның негізінде заманға сай инфрақұрылымды табиғатқа барынша зиян келтірмейтіндей етіп жасау идеясы жатыр.

Мәдениет СЫЗДЫҚОВ, ЖОБА АВТОРЫ:
    
Европалық аналогтардан үлгі алдық. Бұл жобаны іске асыру үшін 1 жылдай уақыт кетті. Басты мақсатымыз – жаяу жүргіншілерге арналған жайлы жағдай жасау болды.  

Есентай өзені жағалауының  түрленгеніне  жергілікті тұрғындар да дән риза.

Наиля, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Алматыда осыншама сұлулықты көреміз деп ойламадық. Уақыт өте келе түрлі бұзақылар бұл жерге зиянын тигізбесе екен дейміз. Мындағы гүлдер де, ағаштар да өте қымбат, әдемі. Бізге ұнады.

Алдағы 5 жылда   абаттандыру жұмыстарын Медеу шатқалына дейін жүргізу жоспарда бар.

М. Жақан