Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда термометр көрсеткіші +50 градусқа көтерілді

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2022
  • 1499

Маңғыстауда ең жоғары ауа температурасы тіркелді. Жетібай елдімекенінің жұмысшылары түсірген видеода термометр көрсеткіші +50 градусқа дейін көтерілген. Видео авторларының айтуынша, олар аптап ыстыққа  қарамастан далада жұмыс істеген. Синоптиктердің болжамына сәйкес,  сондай-ақ, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбеде   дауылды ескерту жарияланды.  Ол аймақтарда  46 градус ыстық болып, шаңды жел соғады. Кей жерлерде найзағай ойнайды.

К. Мерей