Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да кәсіпкерді атып өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2022
  • 1762

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында кәсіпкерді атып өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарлады. Кәсіпкерді өз үйінің ішінде басынан атып өлтірген. Күдікті оқ атқан мылтық марқұмның ауласынан табылды. Бірақ маркасы белгісіз, қазір қару тәркіленіп, күдікті іздестіріліп жатыр. Полицейлердің дерегінше, 64 жасында қаза тапқан кәсіпкердің өз дүкені болған. Бұл іске қатысты  сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Е. Карин