Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ер адам екі әйелге шабуыл жасады

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2022
  • 1414

Алматыда ер адам екі әйелге шабуыл жасады. Куәгерлердің айтуынша, жанжал   отбасы мүшелерінің арасында болған. Айтуларынша, ерлі-зайыптылар шамамен 6 ай бұрын ажырасып кеткен. Баласын көруге келген күйеуі  жанжал шығарып, бұрынғы әйелі мен оның анасына пышақпен тап берген көрінеді.  

Нұршат ҚАҺАРМАНОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ КӨРШІСІ:

Түнде сменадан келдім, шықсам, осындай оқиға болыпты. Бала кішкене ішіп алған екен, қыз жұмыстан келгенде, пышақ алып жүгіріп, ұрып тастаған екен. Кішкене айқай-төбелес болады ғой, семья болған соң. Біз оған мән бермейтін едік.

Әйелдерді Ұлттық ұлан  сержанты құтқарып қалды.  Жарқынбек Айдарханбеков үйінде отырып, сырттағы әйелдің айқайын естіп, далаға шыққан. Үсті-басы қан-жоса екі әйелді көріп, оларға шабуыл жасаған күдіктінің артынан қуа жөнеледі.  

Жарқынбек АЙДАРХАНБЕКОВ, 55/71 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ:

Артынан жүгіре жөнелдім. Жүгіріп бара жатып жедел жәрдем шақырыңдар деп айғайладым. Жайлап іздеп қарасам, мазараттың екі ортасында тығылып жатыр екен. Мен ойлаймын, артынан қуып кетпегенде, қашып кетер ме еді. Оны 1-2 күн іздейтін бе еді.

Бұл дерек "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция департаментінің ақпаратынша, күдікті 1991 жылы туған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір Наурызбай аудандық Полиция басқармасы істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары кешенін жүргізіп жатыр. Ал зардап шеккен   әйелдер  №7 қалалық клиникалық ауруханада ем алуда.

М. Жақан