Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада ауыл шаруашылығына берілетін субсидия көлемі өткен жылмен салыстарғанда аз

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2016
  • 2718

Қызылордада ауыл шаруашылығына мемлекеттен бөлінетін субсидия көлемі өткен жылмен салыстырғанда азайған. Бұл туралы облыстың дихан-шаруаларының депутаттармен кездесуінде айтылды. Сондай-ақ өңірдегі аптап ыстыққа байланысты суармалы су мәселесі өткір тұр. Мәжілістің «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Абзал Ералиев пен Геннадий Шиповских шарулардың уәждерін тыңдап, депутаттық дәптерлеріне түртіп алды.

Абзал Ералиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

2016 жылы соны бір гектарға беретін субсидияны әзірше қалдырып тұрмыз. Бірақ келешекте енді субсидиянын да өзі, ауыл шаруашылығына бөлініп жатқан үлкен субсидиялар өзінің тиімділігін әкелу керек қой. Соңдықтан 2017 жылға біздің өзіміздің жоспарлар бар, сол механизмді жетілдіру жөнінде.  Қазір бір  гектарға  берілетін субсидия көлемі былтырғыдан азайып тұр.

Осыдан кейін депутаттар облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Көлікке қатысты барлық рәсімдер мен құжаттарды бір орталықтан тез арада алу өңір үшін жағымды жаңалық болды.

Ал келесі депутаттар - Глеб Шегельский мен Сергей Симонов - Ақтөбе облысында болып, өңірдегі «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асу барысымен танысты. Оның шеңберінде келесі жылы Ақтөбені Орск, Атыраумен жалғайтын жаңа тас жол салынады. Ұзындығы 125 шақырымды құрайтын күре жолдың жобалық-сметалық құжаттары дайын. Құрылыс кезінде бір мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Құрылысқа жергілікті халықтың тартылуымен қатар, оған Қарғалы ауданының Қосестек ауылына шығатын қиыршық тас қолданылады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ