Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирустың таралуына байланысты Елордада жаңа шектеулер енгізілді

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2022
  • 1721

Елорда бүгін эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының сары аймағына өтті. Қалада вирус жұқтыру дерегі соңғы екі аптада 9,5 есе артқан. Сырқаттардың көбеюіне COVID-19-дың «Омикрон» және «Стелсс Омикрон» штаммы себеп, дейді жауаптылар. Бас қаланың сары аймаққа өтуіне байланысты бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігері коронвирустың таралуының алдын-алу бойынша бірқатар шектеулер енгізді. Науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыру.

COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс істеу режиміне өткізу.

Адамдар көп жиналатын орындарға (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, стадиондар және басқа да спорт ғимараттары және т. б.) барған кезде және қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде, сондай-ақ 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда бетперде кию ұсынылады.Сондай-ақ, 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін жиналыстарды онлайн форматқа ауыстыру ұсынылды. Мамандар қала тұрғындарын  барынша сақтыққа шақырады. Республика бойынша бір тәуліктің ішінде 2 мыңнан аса адамнан індет анықталған. Антирейтингтің басында Алматы мен Елорда және Қарағанды облысы тұр. Әзірге бас қаладан басқа өңірлер жасыл аймақта. Дегенмен жағдай әлі де күрделене түсуі мүмкін деп топшылайды,-денсаулық министрлігі.

Б. Сатуов