«AMANAT» партиясы ауыл әкімдерін оқытуды қолға алды. Саяси менеджмент академиясы табыстарды көбейту мақсатында халықтың экономикалық белсенділігінің өсуі саласында ауыл әкімдерінің құзыреттілігін арттырмақ. Бұған еліміздің барлық өңіріндегі ауыл басшылары қамтылады. Сонымен қатар партияның аумақтық филиалдарының Атқарушы хатшылары да оқытылады. Жамбыл облысы бойынша ІІІ толқынмен 164 адамды қамту жоспарланған. Оның ішінде 112 ауылдық округ әкімі мен 10 аумақтық филиал атқарушы хатшысы бар. Оқыту барысында қатысушылар ауыл скринингі мен маркетингтік талдау жүргізуді, ауыл экономикасын дамыту үшін перспективалы бағыттарды анықтауды үйренеді.
Көбейсін ХАЙРАЛАПОВ, ЖУАЛЫ АУДАНЫ АҚТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
Қазір талдау жасау, қортындылау, мәселелердің шешімін табу, шыққан себебін анықтау осындай тәсілдерді үйреніп жатырмыз. Өте ұнады. Себебі бұл осындай әрбір пилоттық бағдарлама басталған кезде кемшіліктерді болдырмау үшін бізге осындай алдын-ала берген бағыттары өте тиімді.
Б. Жұмабайұлы