Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы қаласының әкімі жол инфрақұрлымы нысандарының жұмысымен танысты

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2022
  • 1727

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы жол құрылысымен танысты. Бірнеше аудандарға барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Әкім ат басын тіреген алғашқы нысан- Тастыбұлақ шағын ауданы. Қазір мұнда жалпы ұзындығы   8,6 шақырым болатын 6 көше  жөнделуде.   Бір  көшенің   жұмыстары бітсе, қалғаны  инженерлік коммуникациялар құрылысы толық аяқталғаннан кейін жөнделеді. Бұған дейін жол құрылысына жауапты мердігер компания міндеттемелерін дұрыс орындамай, іс  тоқтап қалған. Қазір бұған қатысты тергеу жүргізілуде. Әкім жауапты басқармалардың есебін тыңдап, жоспарланған жұмысты уақытылы әрі сапалы аяқтау үшін нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ қала басшысы Ақжар шағын ауданына барды.  Мұнда жалпы ұзындығы 45,3 шақырым  89 көше жаңартылуда.   2,5 шақырым болатын  10 көшеге асфальт-бетон төселген.  Жол жөндеу жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.  Әкім асфальт төсеу жұмыстарының сапасына қатысты ескертулер беріп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту үшін салынып жатқан  жол құрылысымен танысты.   Мұндағы тірлік кестеге сәйкес жүргізілуде.  Келер жылдың соңында толықтай аяқталады. Ал Жетісу ауданындағы Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшелері қиылысындағы көлік айналма жолының құрылысы мардымсыз жүруде.  Әкім жауаптыларға 1 апта уақыт берді, онан кейін болмаса, шара қолданылмақ.

А. Базарбай