Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлытаудан жаяу шыққан қария 4,5 мың шақырым жүріп, Қызылжарға жетті

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2022
  • 1900

Ұлытаудан шығып, қазақ даласын жаяу аралаған қария Қызылжарға ат басын тіреді.  Бүгін теріскейліктер Сәрсенбай Қотырашевты құшақ жая қарсы алды.

Ақсақал алдымен оңтүстікке бет алып, кейін шығыс арқылы елдің солтүстігіне жеткен. 4 айдың ішінде 4,5 мың шақырым жер жүрді.  Алайда, ойқы-шойқы жолдармен жүрі оңай болмады дейді.  Дегенмен, діттіген мақсатына жеткенін айтады. 72 жастағы қария қиын да ұзақ жолды еңсергеніне қарамастан, өзін тың сезінеді. Бұған  қазақтың қонақжайлығы мен жомарттығы сеп, дейді ол.

Сәрсенбай ҚОТЫРАШЕВ, ЖИҺАНКЕЗ:

Мен басында ойлағам пенсиям жетпейді ғой деп. Дархан халқымның арқасында келе жатырмын. Жүрген жерімде бүкіл тамағым тегін. Қонақжай халық, төсек орын бәрі -тегін. Арасында көмектесіп қояды, дөңгелек сатып алуға, аяқ киім алуға. Алты аяқ киім ауыстырдым.

Сәрсенбай Қотырашев қарашаға дейін Қазақстанның барлық аймағын аралап болады.  Ақсақал бұған  7 жыл дайындалған.

А. Құрманкин