Русский Сайттың толық нұсқасы

Маймыл шешегінің кейбір белгілері коронавирусқа ұқсайды

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2022
  • 1733

Маймыл шешегінің алғашқы белгілері коронавирусқа ұқсайды. Айырмашылығы, дененің әр бөлігінде бөртпелер шығады. Әзірге елімізде қауіпті инфекция тіркелген жоқ. Бірақ, мамандар сақ болуға шақырады. Аурудың  негізгі белгілері – жүректің айнуы, дене қызуының көтерілуі, қышыма және бұлшықеттің ауырсынуы. Жастар мен жүкті әйелдерге өте қауіпті дейді дәрігерлер.  

Ақбота ӘБІШБАЕВА, ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕР:

Екі этаптан жүреді. Яғни интексикация синдромы, температураның көтерілуі 38-ден жоғары, дененің қалтырауы, бұлшықеттердің ауырсынуы, белдің ауырсынуы болады. Бұл 4-күнге дейін болады да,4-күннен кейін асқаннан кейін денеде бөртпелер бастала бастайды. Бетінде, мойнында, ауыз қуысында өседі.  

Ә. Дүкембаева