Русский Сайттың толық нұсқасы

Электронды құжаттар қағаз нұсқасымен теңестірілді

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2022
  • 1526

Баланың туу туралы куәлігі, неке қию, некені бұзу секілді өзге де құжаттар электронды форматқа ауыстырылды. Енді оның түп нұсқасын алып жүру    міндетті емес. Құжаттың электронды форматы болса жеткілікті. Бірақ  фото цифрлық құжат болып есептелмейді. Цифрландыру туралы жаңа заңда өзгеріс өте көп. Оны әзірлеуге «Аманат»  фракциясының  мүшелері де белсенді Ауылдық  жерлерде ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыруға басымдық берілуде. Оған операторлар тікелей жауапты болады. Өз ісіне салғырттық танытқандарға айыппұл салынады. Жалпы елімізде ІТ саласын дамыту үшін 2025 жылға дейін 20 мың білікті маман даярлау жоспарлануда.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Барлық мүдделі мемлекеттік органдар энергетикалық инфрақұрылым тіректеріне оптикалық-талшықты байланыс желісін әуеден тарту жөніндегі партиялық бастаманы қолдады. Елімізде электр желісі қарқынды дамыған. Тіпті шалғай ауылдық елдімекендерде де қуат көзі бар. Байланыс желісін әуе арқылы тарту – арзан әрі жылдам. Осы норманың қабылдануымен шалғайдағы ауылдар интернетке қол жеткізеді деген үміттеміз.  

Т. Әлжанов