Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық полицейлер үш қалада интернет алаяқтар тобын қолға түсірді

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2022
  • 1143

Қызылордалық полицейлер еліміздің үш қаласында интернет алаяқтар тобын қолға түсірді.  Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында былтырдан бастап, жеңіл жолмен ақша табуды көздегендер тұрғындарға хабарласып қорқытқан.  "Жақыныңыз есірткімен ұсталды, жазадан құтқару үшін дереу қаражат аударуыңыз қажет" деп бопсалаған. Оны естіген жұрт жөн-жосығын білмей  алаяқтардың есепшотына  қаражат аударып отырған.   32 қылмыстық іс тіркелген. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 24 миллион теңгеге жуықтайды.

А. Шамшидин