Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясы Павлодар және Түркістан облыстарында қоғамдық қабылдау өткізді

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2022
  • 2493

Баянауылда жол сапасы мәз емес. «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдауына келгендер осылай деп шағымданды. Облыс орталығынан ең шалғайда орналасқан Ұзынбұлақ ауылы тұрғындарының айтуынша, Мұса Шорманов елдімекеніне дейінгі жол біраз жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген.  Сонын салдарынан аудан орталығына жету қиын боп тұр дейді.  

Жұмабек ҚАНАТҚАЛИҰЛЫ, ҰЗЫНБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бір өзекті мәселелер бар жинақталған. Соларды қойып жатыр. Сонын ішінде, атап өтсек, 41 киллометр аудан орталығына қатынайтын жол күрделі жөндеу жұмысынан өткізу туралы.

Баянауыл аудандық мәслихат хатшысы Темірболат Қасен Ұзынбұлақ және Мұса Шорманов ауылдары арасындағы 41 шақырым жолды жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтты.

Темірболат ҚАСЕН, БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ:


Жалпы ұзындығы теңдік Ұзынбұлақ арасының жол картасының 14 шақырымды құрайды. Оған жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Жалпы 24 жылға қарастырылған.


Ал, Түркістан облысының Жібек Жолы ауылындағы қоғамдық  қабылдауға 50-ден астам адам келді. Мұндағы өзекті мәселенің бірі – мектептегі орын тапшылығы. Тұрғындардың айтуынша, елдімекендегі 640 орынға негізделген жалғыз  білім ошағында мыңнан аса оқушы білім алуға мәжбүр. Олар бала санының шамадан тыс көп болуы білім сапасына теріс әсерін тигізе ме деп алаңдайды.

Қуаныш БАЛТАБАЕВ, ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бұл мектепте 1011 бала оқиды. Халық саны көбейіп жатыр, сондықтан бұл мектепке балалар сыймай жатыр 15 бала отырудың орнына 30 бала отырса, 30 баланың орнына 50 бала отырса ауа деген тарылмай ма?


Партиялықтар аталған мәселе алдағы уақытта шешімін табады - дейді.  2024 жылға қарай қосымша 300 орындық мектеп салу жоспарда бар екенін айтты.  

Азамат БІРЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мектептің мәселесі 2024-2025 жылға дейін созылуы мүмкін. Қазіргі таңда конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мердігер толығымен анықталғаннан кейін график құрылады. Жоспармен салыну басталады.  


«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына жыл басынан бері 82 мыңға жуық адам жүгінген. Мемлекеттік органдардың басшылары мен түрлі деңгейдегі депутаттар 16 мыңнан астам қабылдау өткізіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады.

А. Задабек