Қызылордада сотсыз татуласу орталығы келушілеріне есігін қайта ашты. Онда медиаторлар, психолог пен заңгерлер халыққа тегін кеңес береді.
Жанна МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫ, СОТСЫЗ ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:
Мекемелердегі заңгерлердің облыс бойынша мемлекеттік заңгерлердің 100-і оқуға жұмылдырылады. Жалпы медиация курсынан өткізілетін болады. Одан бөлек аудандар бойынша 30 кездесу ұйымдастырылады.
Жобаның жандануына облыс әкімдігі мұрындық болып отыр. Бұл- дау дамайды шешудің баламалы, әрі тиімді жолы, дейді олар.
Мира ҚАЗЫБЕКОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Халықтың қандай да бір түсініспеушілік, келеңсіздіктер болса бірден сотқа жүгінуіне кішкене болса да қоғам болып күресіп, осындай орталықтар арқылы халықты ымыраған, сабырға, төзімділікке шақыру деген сияқты идеясы болды бұл жобаның.
Мұндай жобалар әсіресе сот жұмысын жеңілдетіп, арыз-шағымның азаюына себеп болады.
Мөлдір АСАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТТАР ӘКІМШІСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл орталық халыққа, қоғамға өздерінің дауларын өзара шешу, сотқа дейін шешу, тиімді жолмен шешу мақсатында өз пайдасын беретініне мол сенім білдіремін.
Жоба жетекшісінің айтуынша, мамандар алдағы уақытта шалғай ауылдарды да аралайды. Түрлі семинарлар, қоғамдық қабылдаулар өткізбекші.
М. Тоқтасынқызы